
МантаковаАлмагульАкжумановна – директордың міндетін атқарушы.
1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиеналық факультетін бітірген. 20 жылға жуық облыстық деңгейде санитарлық – эпидемиологиялық қызметте эпидемиолог болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықта жұмыс істейді. Эпидемиолог ретінде үлкен тәжірибиеге ие, бірнеше рет эпидемиологиялық тексеруге, дифтерия, қызылша, қызамық, іш сүзегі ошақтарын жоюға қатысты.
Бүгінгі таңда оның жұмысының негізгі бағыты – АИТВ-инфекциясының алдын алу, АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға тиімді көмек көрсету, АИТВ-инфекциясын жұқтырғандардың әлеуметтік проблемалары және т.б. болып табылады.