forkredit.com | | vivaspb.com | finntalk.com

Мақсат пен міндеттері

on .

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

3.1. Кәсіпорын қызметінің мәні АИТВ инфекциясының және ЖИТС профилактикасын, диагностикалауды және емдеуді ұйымдастыру болып табылады.

3.2 Кәсіпорын қызметінің мақсаты АИТВ инфекциясын ескертуге және оның таралу қарқынын төмендетуге бағытталған іс шаралар кешенін ұйымдастыру және іске асыру болып табылады.

3.3. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: 
1) тұрғындардың арасында АИТВ инфекциясының, ЖИТС-пен байланысқан аурулардың алдын алу мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру;

2) емдеу-профилактикалық ұйымдарға, білім беру мекемелеріне, ведомстволарға, бизнес құрылымдарға АИТВ/ЖИТС мәселелері жөнінде ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;

3) АИТВ инфекциясы мәселелерін үйлестіру кеңестерінде, алқа мәжілістерде қарау, конференциялар, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру және өткізу;

4) АИТВ инфекциясы проблемасы бойынша тиімді профилактикалық бағдарламаларды әзірлеуге, мониторинг жасауға және бағалауға қатысу;

5) АИТВ инфекциясын жұқтыруға ерекше ұшырағыш тұрғын топтарымен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру;

6) АИТВ инфекциясы жағдайларына, сырқаттану және таралуына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу, эпидемиологиялық ахуалды талдау және бағалауды, АИТВ инфекциясын ескертуге және оның таралу қарқынын төмендетуге бағытталаған іс шаралар кешенін жүргізу;

7) тұрғындардың осал топтарына (секс қызметкерлері (СҚ), инъекциялық есірткіні тұтынушыларға (ИЕТ), сотталғандарға және жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен (ЖЖБИ) ауыратын науқастарға  шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу;

8) АИТВ инфекциясының бары-жоқтығына медициналық тексерулерді ұйымдастыру;

9) АИТВ-ға емдеу мен өткізілетін зерттеулерге мониторинг жүргізу;

10) АИТВ жұқтырғандарды диспансеризациялау және медициналық көмек көрсету, байланыстан кейінгі профилактиканы жүргізу;

11) Жүктілік, босану кезінде АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерді және нәрестелерді  профилактикалық вирусқа қарсы емдеуді ұсыну бойынша іс шаралар кешенін жүргізу;

12) психоәлеуметтік кеңес беру және тестілеуді (соның ішінде, жасырын) ұйымдастыру және жүргізу;

13) АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС-пен науқастарға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру көмегін көрсету;

14) зертханалық диагностиканы іске асыру:

- серологиялық (иммуноферменттік талдау әдісімен АИТВ жұқпасының диагностикасы; ИФА әдісімен вирустық гепатитінің парентералдық  және энтералдық диагностикасы; ИФА әдісімен ЖИТС қауымдастырылған жұқпаның диагностикасы; жыныстық жолмен берілетін жұқпалардың диагностикасы; қалқанбез ауруларының маркерлерін анықтау; онкомаркерлер және өрбу гормондық және пренаталдық скринингі маркеріне; гелминттер диагностикасы; аутоиммундық және жүйелі аурулардың диагностикасы; гуморалдық иммундық мәртебесін бақылау)
-жалпыклиникалық зерттеулер;
-биохимиялық зерттеулер;
-гемотологиялық зерттеулер;
-иммунологиялық зерттеулері, соның ішінде цитофлюрометрия;
-ПЦР диагностикасы;
-зертханалық диагностика бойынша кеңес беру көмегін көрсету;
- келісім шарт бойынша АИТВ жұқтырғандардың қандарынан СД-4 (иммундық жасушаларын) анықтау;

15) тұрғындарды мерзімдік медициналық тексерулерді жүргізу, кіші қалалар мен аудан орталықтарында достастық кабинеттерді құру;
16) реципиенттердің АИТВ-ға тексерілуін бақылауды қамтамасыз ету;

17) Кәсіпорын қызметтің лицензияланған түрлерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады;

18) Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған медициналық қызметтің өзге де түрлерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады;

Мемлекеттік бағдарламалар

Мемлекеттік бағдарламалар туралы толық ақпарат ала аласыз, соның ішінде жаңадан қосылған мемлекеттік бағдарламалар

  • Logo 25 KZ 150x150
  • 2050ru
  • adil
  • akorda ru
  • bgkru
  • dzh
  • mgov2001
  • prgkz
  • zhbru
  • expo
  • modern kaz
  • meirimdi
  • expo2017culture
  • fms kaz
  • gosuslugi kaz

Біз картадан

Біздің байланыстарымыз

  • Қазақстан, ЗКО, г.Орал
    ул.Профессора Иванова 42а
    (7112) 260561, (7112) 260563
  • E-mail zkoaids.info@gmail.com
  • Call-орталығы
    1401

Директордың блогы

kenes

Директордың блогы