Басшылық
Мантакова Алмагуль Акжумановна – директордың м.а.
БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы» МКК 1989 жылы құрылды.
Ұйым келесі бөлімдерден тұрады: ұйымдастыру – әдістемелік бөлімі, АИТВ жұқпасын эпидқадағалау бөлімі, емдеу – диагностикалық бөлімі, алдын алу жұмыстары бөлімі, диагностикалық зертхана.
Барлық бөлімдер компьютерлермен, зертхана ИФТ-ға арналған заманауи зертханалық жабдықтар жиынтығымен (АИТВ инфекциясына антиденелер, вирустық гепатиттердің маркерлері және ЖИТС индикаторлық инфекциялары анықталады), клиникалық-биохимиялық зерттеулерге арналған автоматты анализаторлармен, сондай - ақ АИТВ инфекциясы бар науқастарда антиретровирустық терапияның тиімділігіне зертханалық мониторинг жүргізу үшін (СД4/СД8 лимфоциттерді анықтау) - ағынды цитофлюорометрмен жабдықталған. ПТР диагностикасы «шынайы уақыт» режимінде енгізілді.
Орталықтың зертханасы батыс өңір облыстары (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары) үшін тірек база болып табылады; иммундық мәртебесін анықтауға зерттеулер жүргізеді (СД4/СД8), шолғыншы эпидқадағалау (бұдан әрі-ШЭҚ) нәтижелері бойынша «құрғақ» қан тамшысының 10% теріс үлгілерін верификациялауды жүргізеді.
АИТВ инфекциясының таралуының алдын алуға және қарқынын төмендетуге, халықты АИТВ инфекциясын жұқтырудың таралу жолдары мен алдын алу әдістері туралы хабардар етуге бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде.
Сонымен қатар, орталық мамандары ШЭҚ ұйымдастыру және өткізу, осы салалардағы көрсеткіштерді талдау бойынша семинар – тренингтер, консультациялар өткізеді.