forkredit.com | | vivaspb.com | finntalk.com

Профилактикалық жұмыстар бөлімі

Профилактикалық жұмыстар бөлімі облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының (одан әрі – ЖИТС ОО) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, орталықтың директорына және директордың орынбасарына тікелей бағынады.  
Профилактикалық жұмыстар бөлімінің қызметі орталықтың бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізіледі және індетке қарсы шараларды қабылдау мен жоспарлау мақсатында БатысҚазақстан облысының тұрғындары мен халықтың осал топтары (әрі қарай ХОТ)  арасында АИТВ/ЖИТС бойынша алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады.  
Профилактикалық жұмыстар бөлімі  өз қызметінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді (НҚА), ЖИТС ОО қызметі туралы Ереже мен орталық жарғысын, іс-әрекеттегі бұйрықтарды, осы Ережені,  сонымен қатар орталықтың және бөлімнің жұмыс тәртібін реттейтін басқа да құжаттарды басшылыққа алады.

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

Профилактикалық жұмыстар бөлімінің негізгі міндеттері болып табылады: 
-АИТВ жұқпасының  таралу және алдын алу жолдары  туралы                         халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру.   
- Инъекциялық есірткі тұтынушылар (әрі қарай ИЕТ), секс қызметкерлері (әрі қарай СҚ), еркектермен жыныстық қатынстағы еркектер (әрі қарай ЕЖЕ)  алдын алу бағдарламаларымен қамту.  
-  АИТВ жұқпасының және басқа да ЖЖБЖ (жыныстық жолмен берілетін жұқпа) жыныстық жолмен берілуін азайту.
- Сенім бөліміне (әрі қарай СБ) әлеуметтік-психологиялық сипаттағы сұрақтар бойынша келіп қаралған АИТВ мен өмір сүретін адамдар (әрі қарай АӨА) мен жастар арасында, ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ топтарындағы тәуекел мінез-құлқындағы  тұлғалар санын азайту.  
- Қамау орындарында АИТВ жұқпасының алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру және АИТВ позитивті мәртебесі бар сотталғандарды қолдау бойынша түрлі ұйымдармен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету.   
- Өндірістік кәсіпорындар мен бизнес құрылымдардың жұмыс орындарында АИТВ/ЖИТС алдын алу, АИТВ жұқтырған    жұмысшыны  кемсітуге жол бермеу.  
- «Зиянды азайту» бағдарламасына орай «тең-теңімен» принципі бойынша ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ ішінен еріктілерді даярлау.  
- Халықтың түрлі топтары арасында, соның ішінде ұйымдасқан және ұйымдастырылмаған жастар арасында АИТВ/ЖИТС тақырыбы бойынша профилактикалық іс-шараларды (акция, кампаниялар, бұқаралық іс-шаралар, спорттық, мәдени шаралар) жүргізуде ҮЕҰ, медициналық, ведомстволық (ҚАЖД, ІІД; ҚМ, ОББ), халықаралық қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасау.  
- АИТВ/ЖИТС алдын алу сұрақтары бойынша орта, жоғарғы оқу орындарының, мектеп оқушыларының және педагогтардың сауаттылығын арттыру.

Мемлекеттік бағдарламалар

Мемлекеттік бағдарламалар туралы толық ақпарат ала аласыз, соның ішінде жаңадан қосылған мемлекеттік бағдарламалар

  • Logo 1
  • rcrz logo
  • Logo 25 KZ 150x150
  • 2050ru
  • adil
  • akorda ru
  • bgkru
  • dzh
  • mgov2001
  • prgkz
  • zhbru
  • modern kaz
  • meirimdi
  • expo2017culture
  • fms kaz
  • gosuslugi kaz
  • steppe kaz r
  • kz1

Біз картадан

Біздің байланыстарымыз

  • Қазақстан, ЗКО, г.Орал
    ул.Профессора Иванова 42а
    (7112) 260561, (7112) 260563
  • E-mail zkoaids.info@gmail.com
  • Call-орталығы
    1401