forkredit.com | | vivaspb.com | finntalk.com

Міндетті медициналық сақтандыру — уақыт талабы

«Ұлт жоспары — 100 нақты қадамның» бір бағыты — «Аурулардың сыртқы белгілерін, сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу» болып есептелетін қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертудің негізін қалау. Бұл жоспардағы 80-қадам — «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу». Медициналық сақтандыру — денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Негізінде медициналық сақтандырудың екі түрі бар. Олар — міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру. Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты — міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденілген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету. Ал ерікті сақтандыру адамның қалауы бойынша ғана жүзеге асырылады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы жиналған қаражат азаматтардың тегін медициналық көмек алуы үшін жұмсалады. Яғни, бұрын мемлекет есебінен жүзеге асырылған тегін медициналық қызмет түрлері аталған сақтандыру жүйесі арқылы орындалмақ. Зейнеткерлерге, еңбек жасына толмаған азаматтаға, мүмкіндігі шектелген азаматтарға қызмет тегін көрсетіледі. Міндетті медициналық сақтандыру кез келген тұрғынды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді. Оның басты маңыздылығы да сонда. Медициналық сақтандыру ең алдымен адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған аурухана мен емханадағы дәрігеріне барып, емделуге мүміндік алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ақшасы бар азаматтардың емдеу ақысы дәрігерлерге сол қордан төленеді. Ал медициналық қызмет үшін жасалатын төлемдер қордағы ақшадан алынатын болғандықтан, енді емдеу мекемелері арасында бәсекелестіктің басталатыны сөзсіз. Өз кезегінде бәсекелестік медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырады.

6595961519064743936 n

Мемлекеттік бағдарламалар

Мемлекеттік бағдарламалар туралы толық ақпарат ала аласыз, соның ішінде жаңадан қосылған мемлекеттік бағдарламалар

  • rcrz logo
  • Logo 25 KZ 150x150
  • 2050ru
  • adil
  • akorda ru
  • bgkru
  • dzh
  • mgov2001
  • prgkz
  • zhbru
  • modern kaz
  • meirimdi
  • expo2017culture
  • fms kaz
  • gosuslugi kaz
  • steppe kaz r
  • kz1

Біз картадан

Біздің байланыстарымыз

  • Қазақстан, ЗКО, г.Орал
    ул.Профессора Иванова 42а
    (7112) 260561, (7112) 260563
  • E-mail zkoaids.info@gmail.com
  • Call-орталығы
    1401

Директордың блогы

kenes

Директордың блогы